|
03.05.2019 | 17:36
2441

Менингиттен қалай сақтану керек – дәрігер кеңесі

Алматыда жыл басынан бері 1 адам осы вирусты жұқтырған

Менингиттен қалай сақтану керек – дәрігер кеңесі

Менингококк инфекциясы тағы «ояна» бастады. Алматыда жыл басынан бері 1 адам осы вируспен ауырған.

Былтыр көктем мен жаз мезгілінде елімізде бұл дерт өршіп, Алматының өзінде 6 адам көз жұмған еді. Осыны ескерген Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тұрғындарды абай болуға шақырады.

Менингококк инфекциясын жұқтырып алмас үшін не істеу керек? Бұл жайлы Almaty.tv тілшісіне Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Әнел Мұсаевамен айтып берді.

– Әнел Берікбайқызы, бұл қауіпті індеттен қалай сақтануға болады?

– Алматы қаласында биыл менингококты инфекциядан бір жағдай тіркелген. Науқас емделіп шыққан. Менингококты инфекция көктем маусымында басталады. Былтыр Алматы қаласында 35 жағдай тіркеліп, 6 науқас қайтыс болғанын білесіздер. Тұрғындарға қоғамдық орындарға көп бармауға, барған жағдайда сауда-саттық орындары мен қоғамдық көлікте маска киіп жүруге кеңес береміз.  Жұмыс орындарыңызды, үйді күніне екі рет желдетіп, ылғалды тазалық жүргізіп, жеке бас гигиенасын ұсақтау қажет. Ораза айына байланысты Алматы қаласының имамдарына ауа райы жақсы болған жағдайда Жұма намазын далада өткізуге кеңес бердік. Менингококты инфекцияны алдын алудың тағы бір жолы – екпе салдыру. Ұлттық кестеге кірмегендіктен, менингококты инфекцияға қарсы екпе ақылы түрде жүргізіледі.

– Түсінікті. Ал, менингококктың алғашқы белгілері қандай? Оны байқаған сәтте не істеу керек?

– Менингококты инфекция басталған жағдайда ең бірінші бас қатты ауырады. Дененің қызуы 39 градустан жоғары болады. Ондайда өз беттеріңізше емделмей, дереу  дәрігер шақырыңыздар.

– Әнел Берікбайқызы, уақыт бөліп сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рахмет!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир