|
10.04.2019 | 18:27
2556

«Халық көп, бірақ емхана жоқ»: Алматыдағы шағынаудан тұрғындары әкімге мұңын айтты

Әсіресе, жүкті және балалы әйелдерге қиын соғып отыр

«Халық көп, бірақ емхана жоқ»: Алматыдағы шағынаудан тұрғындары әкімге мұңын айтты

Алатау ауданында емхана тапшы. Тұрғындар қажетті ем-домын алу үшін бірталай жер жүріп, көрші шағынаудандарға барамыз дейді. Ал, маңайдағы медициналық мекемелер жеке болғандықтан, қызметтері қалтаны ұрады деп налуда.

Әсіресе, жүкті және балалы әйелдерге қиын соғып отыр.

- Біздің шағынауданда тұратын отбасылардың саны көп. Соларға арнап ең болмаса бір емхана салып берсе екен, дәрі егетін бөлме болса да болады. Жекеменшік емханаға барамыз, амал жоқ, бірақ қымбат.

- Біз Өжетте тұрамыз ұзақ жылдан бері, бірақ үнемі Айнабұлақтағы емханаға баруға мәжбүрміз. Өте алыс, ауырып тұрған адамға тіпті қиын. Өзіміздің шағынауданға жақын жерден амбулатория немесе емхана салып берсе деген тілегіміз бар.

- Біздің шағынауданда дәл қазір емхана мәселесі өте өзекті. Менің аяғым ауыр, ауруханаға жету түгілі жолдан өтуімнің өзі мұң. Мен секілді қаншама әйел бар, соларды ойлап неліктен бір емхана салып беруге болмайды? – деп ашынады Өжет шағынауданының тұрғындары.

Халықтың мұңына Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаевтың өзі жауап береді. 11 сәуір күні кешкі сағат 19:30-да аудан басшысы «Алматы» телеарнасындағы «Әкіммен ашық әңгіме» жобасына қонаққа келеді. Сұрақты тұрғындар тікелей эфир кезінде студия телефонына хабарласу немесе WhatsApp мессенджеріне жазу арқылы және телеарнаның ресми сайтына жазып қалдыра алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир