|
24.05.2023 | 18:36
1468

Рейстердің бірінде тырысқақ ауруы бар жолаушы анықталды – Алматыда оқу-жаттығу өтті

Басты мақсат – әуе кемесінде карантиндік іс-шараларды сақтау

Рейстердің бірінде тырысқақ ауруы бар жолаушы анықталды – Алматыда оқу-жаттығу өтті Almaty.tv

Алматы әуежайындағы рейстердің бірінен тырысқақ ауруының белгілері бар жолаушы анықталды. Хабарды естіген шұғыл қызметтер бірден әрекетке көшті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«ГОА - Алматы» бағытындағы халықаралық рейс әуежайға шұғыл қонды. Өйткені онда жағдайы нашарлаған жолаушы бар. Оқу-жаттығу кезінде науқасты мұқият тексерген мамандар оған «холера» диагнозын қойды. Анық болғандай, Үндістанда 1 жылдан аса келісімшартпен жұмыс істеп жүрген жолаушы ұшардан бір күн бұрын көшеден ас ішіп, экзотикалық жемістің дәмін татқан екен.

Ағзаның сусыздануы, құсу, қалтырау және диарея. Бұл – холераның алғашқы белгілері. Тырысқақ – өте қауіпті ауру. Егер дер кезінде тиісті ем-дом жасалмаса, бірнеше сағат ішінде адам өлім құшуы мүмкін.

Оқу-жаттығуға әуежай қызметкерлерінен бастап барлық жауапты қызметтер қатысты. Өйткені  мамандар бірігіп ғана қамал алып, аурудың басқа жолаушылар арасында тарап кетпеуін қадағалай алады.

– Дәрігерлер науқасты қарап жатқанда, әуедегі бортсерік басқа жолаушылардан анкета жинауды бастайды. Онда қай елде қанша күн болғаны, қандай мақсатта барғаны, өзінің мекенжайы және телефон нөмірі туралы толық мәлімет жазылады. Біз диагнозы анықталған жолаушыны бөлек жерде отыруын қамтамасыз етеміз, – деді  «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің Басшысы Рысгүл Мейірманова.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – әуе кемесінде карантиндік іс-шараларды сақтау және аса қауіпті инфекция анықталған кезде барлық ұйымның қызметін үйлестіре білу. Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде жыл сайын тырысқақ ауруының 5 миллиондай дерегі тіркеледі. Зардап шеккен 120 мың жанның жағдайы өліммен аяқталады екен.

Жадыра Омаржан, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир