|
04.09.2020 | 18:47
9356

Алматыда 1-сынып оқушыларына туберкулезге қарсы ревакцинация басталды

Процедура балаларды оқыту нысанына қарамастан, қашықтықтан немесе күндізгі уақытта мектептердің егу кабинеттерінде жүргізіледі

Алматыда 1-сынып оқушыларына туберкулезге қарсы ревакцинация басталды

Алматыда 1-сынып оқушыларына туберкулезге қарсы ревакцинация және «тәуекел тобындағы» балалар арасында туберкулезді ерте анықтау шараларды күшейту науқаны басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2020 жылдың 1 қыркүйек мен 30 қыркүйек аралығында 1-сынып оқушылары арасында туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізіледі. Процедура балаларды оқыту нысанына қарамастан, қашықтықтан немесе күндізгі уақытта мектептердің егу кабинеттерінде жүргізіледі. Мұндай тәжірибе карантиндік шаралар енгізілгенге дейін қолданылды.

1 қыркүйекке дейін учаскелік дәрігерлер Манту сынамасы бойынша тексерілетін 1-сынып оқушыларының тізімін жасады.        4 қыркүйекте ата-аналар мен балаларды мектепке Манту сынамасына және БЦЖ ревакцинациясына шақыра бастады. Әрбір білім беру мекемесінде 4-тен 8-ге дейін бірінші сыныптар болғандықтан, оқушылар көп жиналмас уақыт аралықтары мен физикалық қашықтықты сақтай отырып, кестеге сәйкес шақырылады.

«№11 Қалалық емхана Жетісу ауданының 6 мектебіне қызмет көрсетеді, олардың әрқайсысында біздің әріптестер таңғы сағат 9.00-ден бастап жұмыс істейді. Барлық сыныптарда сабақ кестесі әртүрлі болғандықтан, сол сабақ кестесіне байланысты құрылды және оқушылардың басым көпшілігі қашықтықтан оқиды. 6 мектеп бойынша 800-ге жуық 1-сынып оқушыларын қамтуды жоспарлап отырмыз.

Биыл ата-аналар арасындағы жоғары белсенділікті атап өткіміз келеді. Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты бас тартудың бірнеше жағдайлары да кездесті», – деп N11 Қалалық емхананың бас дәрігердің емдеу-профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Алмаш Ардабаева пікір білдірді.

Процедура ата-аналардың ерікті түрде келісім берілгеннен кейін жүзеге асырылады.

Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясы арасындағы аралық 3 күннен 14 күнге дейін болады.

Туберкулезге қарсы ревакцинация науқанына жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар тартылған. Мектептер мен емханалардың медицина қызметкерлері Манту сынамасын қою техникасының ережелері, туберкулезге қарсы егулер жүргізу, иммундаудан кейін қолайсыз көріністердің дамуы жағдайында шұғыл көмек көрсету әдістері бойынша алдын ала дайындықтан өтті.

БЦЖ ревакцинациясын жүргізу кезеңінде 1-сынып оқушыларына мектептерде басқа екпелер жүргізу тоқтатылады.

2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін Манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде БЦЖ ревакцинациясын жүргізе отырып, күмәнді реакциясы бар 1-сынып оқушыларының Манту сынамасы бойынша қайта (3 айдан кейін) тексеруден өтеді.

Сондай-ақ, 10 қыркүйектен 30 қарашаға дейін Алматыда тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі, вакцинациялау қаланың емханаларында адамдардың жиналуын және дүрлігуді болдырмау үшін жасалған вакцинация кестесіне сәйкес жүргізіледі. Емхана дәрігерлері тәуекел тобындағы науқаспен байланыс орнатып, екпеге шақыратын болады. Қалалық емханаларда халықты тұмауға қарсы вакцинациялау бойынша жұмыс жасау үшін 1500 медицина қызметкердің ішінен 370 370 егу бригада топтары ұйымдастырылды.

Алматы қаласының 400 мыңнан астам тұрғыны тұмауға қарсы тегін екпе алады. Олардың ішінде 65 жастан асқан адамдар саны – 264 мың, созылмалы ауруы бар тұрғындар –  125 мың, 22 мың бала, 9 мың медицина қызметкері, 7 мыңнан астам жүкті әйелдер. Осыған байланысты Алматы қаласының тұрғындары арасында тұмауға қарсы қауіпті топтар бойынша тегін вакцинациялаудың ауқымды қалалық бағдарламасы басталды. Жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға учаскелік дәрігердің тағайындауы бойынша тіркелген жеріндегі емханада тұмауға қарсы екпені ақысыз алуға болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир