|
30.09.2021 | 20:50
4609

Алматыда №7 қалалық ауруханасының дәрігерлері жүкті әйелді босандырып алды

23 жастағы келіншек перзентханаға жетіп үлгермей, клиникалық ауруханаға жүгінген

Алматыда №7 қалалық ауруханасының дәрігерлері жүкті әйелді босандырып алды

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігерлері  медициналық көмекке жүгінуге келген жүкті әйелді босандырып алды. Осылайша, қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде ұл бала  дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны толғақтың басталуына байланысты Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына көмекке жүгінген.

Келіншек келгеннен кейін бірден қабылдау бөлімшесінде шұғыл түрде қажетті минималды тексеру пакеті жедел жүргізілген: ұрықтың анализі мен ультрадыбыстық зерттеуі, перифериялық катетер орнатылады. 20 минуттан кейін клиниканың реанимация залында Қазақстан Республикасының тағы бір азаматы дүниеге келді. Босануды стационар гинекологтарының кезекші бригадасы қабылдады. Әйелді босандырудың барлық процесін клиниканың реаниматологтары жүргізді.

«Жүктілік мерзімі – 38 апта, шұғыл түрде босандырдық. Жүкті әйел тұрғылықты мекенжайынан жырақта болуына байланысты, біздің ауруханаға медициналық көмекке жүгінген. Бұл оның екінші  баласы екен,  жас ана өзінің сол күні босанатынын сезіпті. Айы-күні толық жетілген. Әріптесім, доктор Шахло Абдужабарова екеуміз әйелді аурухананың қабылдау бөлімшесінің реанимациялық залында босандырдық. Босану асқынусыз, бірқалыпты өтті. Ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Бала жарық  дүние есігін ашты. Бұл – үлкен бақыт!», - дейді әйелді босандырып алған №1гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Жамаева.

Қазіргі уақытта ана мен баланы жедел медициналық көмек және неонаталды бригада мамандандырылған медициналық ұйымдарға жеткізді.

Осылайша, №7 қалалық аурухананың барлық медициналық қызметкері ерекше сәттің әсерін сезінгендей, өйткені перзентхана болмағандықтан, мұнда күн сайын дүниеге нәресте келе бермейді. Олар өз әріптестерін мақтан тұтады. Олар дәрігерлік корпоративтік чатта әріптестерін сәтті өткен босандыру процесімен құттықтап, анасына тезірек сауығып кетуін тілеп, нәрестеге жылы тілектерін арнады. Олар өзара «сәбиді Қалқаман деп атау керек» деп әзіл-ұсыныс айтты.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир