|
29.03.2019 | 21:09
3442

Алматыдағы №4 ауруханада «Адалдық алаңы» орталығы ашылды

Емделушілерді қолдау алаңы ашылғанға дейін қабылдау бөлімінде ұзын-сонар кезек көбейіп, келушілер қайда барарын білмейтін еді дейді дәрігерлер

Алматыдағы №4 ауруханада «Адалдық алаңы» орталығы ашылды

№4 қалалық клиникалық ауруханасының базасында бүгіннен бастап, open-space форматы бойынша жұмыс істейтін орталық ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Емделушілерді қолдау алаңы ашылғанға дейін қабылдау бөлімінде ұзын-сонар кезек көбейіп, келушілер қайда барарын білмейтін еді дейді дәрігерлер. Енді тәулік бойы жұмыс істейтін «адалдық алаңы» жұмысты біршама жеңілдетпек.  

«Орталықтың негізгі міндеті науқаспен тікелей байланыс орнатып, кезек күттірмей даулы мәселелерді оңтайлы шешу. Сонымен қатар, тұрмыстық жемқорлықты болдырмау. Адалдық алаңы тәулік бойы жұмыс істейді. Күндізгі уақытта бас дәрігердің орынбасары осында отырып, науқастарға, оның жақындарына ем қабылдау процесінде ақыл-кеңес беріп, көмек көрсетеді», – деді №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат ТЕЗЕКБАЕВ.

Жұмысын бастаған орталық «Алматы – адалдық алаңы» бағдарламасы аясында қолға алыныпты. Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы-адалдық алаңы» жобасы іске қосылған болатын. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлықты азайту, мемлекеттік мекемелеріне сенім арттыру мен тұрмыстық мәселелерді шешуге бағытталған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир