Жетісу ауданында 500 адамға арналған жекпе-жек орталығы ашылады

Фото: Акимат Алматы
Фото: Акимат Алматы
Қыркүйек айында дәл осындай үш орталық Құлагер, Көкмайса және Көкжиек ықшамаудандарында ашылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданындағы балалар спортының дамуымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлудеміз. Басты міндет — өскелең ұрпақты спортпен, шығармашылықпен жаппай қамту, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру. Осы жұмыстың Жетісу ауданында қалай жүзеге асырылып жатқанын көріп қайттым. Мұнда меценаттардың көмегімен 500 келушіге арналған «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы» құрылды. Қыркүйек айында дәл осындай үш орталық Құлагер, Көкмайса және Көкжиек ықшамаудандарында ашылады»,- деді қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен қатар, ауданның бес шағын учаскесінде балаларға арналған JetisyFootball тегін оқыту бағдарламасы жұмысын бастайды. Ол қиын жағдайда қалған отбасылардан шыққан 300 баланы қамтымақ. Ал жаттықтырушылар қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.

Сондай-ақ Айнабұлақ-2, Құлагер және Кемел ықшамаудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысына құжаттама дайындалуда. Жалпы сыйымдылығы бір ауысымда 450 адам. Нысандарды бос жерлерге салу жоспарлануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

31.08.2020 Балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлудеміз. Басты міндет — өскелең ұрпақты спортпен, шығармашылықпен жаппай қамту, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру. Осы жұмыстың Жетісу ауданында қалай жүзеге асырылып жатқанын көріп қайттым. Мұнда меценаттардың көмегімен 500 келушіге арналған «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы» құрылды. Қыркүйек айында дәл осындай үш орталық Құлагер, Көкмайса және Көкжиек ықшамаудандарында ашылады. ⠀ Сонымен қатар, ауданның бес шағын учаскесінде балаларға арналған JetisyFootball тегін оқыту бағдарламасы жұмысын бастайды. Ол қиын жағдайда қалған отбасылардан шыққан 300 баланы қамтымақ. Ал жаттықтырушылар қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды. ⠀ Сондай-ақ Айнабұлақ-2, Құлагер және Кемел ықшамаудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысына құжаттама дайындалуда. Жалпы сыйымдылығы бір ауысымда 450 адам. Нысандарды бос жерлерге салу жоспарлануда. —— Разностороннему развитию детей уделяем особое внимание. Приоритетная задача — обеспечить массовый охват подрастающего поколения спортом, творчеством, привить навыки самообразования и саморазвития. Ознакомился с организацией этой работы в Жетысуском районе. Здесь при участии меценатов создан центр единоборств «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы», рассчитанный на 500 посещений. В сентябре будут открыты еще три таких центра в мкр. Кулагер, Кокмайса и Кокжиек. ⠀ Вместе с тем на пяти микроучастках района будет реализована программа по бесплатному обучению детей JetisyFootball, охватывающая 300 детей из семей, оказавшихся в сложном положении. К слову, тренеры привлечены через городской Центр занятости. ⠀ Кроме того, готовится документация на строительство физкультурно-оздоровительных комплексов в мкр. Айнабулак-2, Кулагер, Кемел. Общая вместимость — 450 посещений в смену. Объекты планируется возвести на месте пустырей.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)30 Авг 2020 в 8:04 PDT


Новости партнеров