|
26.08.2020 | 21:13
19847

Алматыда 4 мыңға жуық оқушы білім алатын жаңа мектептер ашылды

Қала әкімі оқу орындары директорларының назарын кезекші сыныптарда санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтау қажеттігіне аударды

Алматыда 4 мыңға жуық оқушы білім алатын жаңа мектептер ашылды @almaty_akimat

 Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев білім нысандарының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Жұмыс сапары барысында қала әкімі пайдалануға берілетін Әуезов ауданының Мамыр ықшамауданындағы 1200 орынды және Түрксіб ауданындағы Нұршашқан ықшамауданындағы 600 орынды мектептерде болды. Бұлардан өзге, Бақытжан Сағынтаев мектептер жанынан салынған Бостандық ауданындағы 300 орынды, Алатау ауданының «Қарасу» ықшамауданындағы 192 орынды, Медеу ауданының «Думан» ықшамауданындағы 850 орынды жаңа қосалқы нысандарды аралап көрді. Сонымен қатар, әкім №5 музыка мектебінің 350 орынды жаңа ғимаратында және жақын күндері ашылған көпбейінді музыка орталығында болды.


Мектептерді аралап шыққан Б. Сағынтаев білім ошақтарының айналасын абаттандыруға, жасылдандыруға, кіреберіс жолдар мен тротуарларды салуға және жөндеуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Айта кетерлігі, қала әкімі оқу орындары директорларының назарын кезекші сыныптарда санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтау қажеттігіне аударды.

«Жаңа орындар мектептерге жүктеме түсіретіні белгілі. Мысалы, бүгінгі күні «Думан» ықшамауданында оқушы орнының қажеттілігі толығымен шешілді. Ал, Нұршашқанда алғаш рет жаңа мектеп салынды, ол Түрксіб ауданындағы басқа мектептерге түсетін жүктемені азайтатын болады», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Жалпы, ағымдағы жылы екі мектеп пен бес қосалқы нысандардың пайдалануға берілуі арқасында 3,8 мыңнан астам оқушы орны құрылды. Қала тұрғындарының қарқынды өсуін ескере отырып, мектептердің жанынан 1925 орынды жаңа қосалқы нысандар салу жалғасатын болады. 

Сонымен қатар, 26 мың орынға жуық мектептер мен қосалқы нысандар салу жоспарланған. 2240 орынды төрт жеке мектеп ашу жоспарланған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир