Almaty TV-де «Бейнеттің зейнеті» телехикаясы эфирге жол тартады

Жобаның мақсаты – кейіпкерлер арқылы егде жастағы көрерменді белсенді өмірге тарту

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасы көрермендерге «Бейнеттің зейнеті» атты жаңа телехикаяны ұсынады. Туынды достық, туған жерге сүйіспеншілік пен отбасылық құндылық жайлы болмақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында зейнеткерлердің жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету туралы айтқан болатын. Соның нәтижесінде елімізде зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.

«Бейнеттің зейнеті» жобасының мақсаты – кейіпкерлер арқылы егде жастағы көрерменді белсенді өмірге тарту, олардың әлеуетін ашу, өмір сүру сапасын жақсарту, ғұмырының ұзақ болуына ықпал ету, әлеуметтік және психологиялық жағдайын жақсарту.

Хикаяда ене мен келін, әке мен бала, көршілер арасындағы жарасымды қарым-қатынасқа құрылған сюжеттер қызықты ситуациялар арқылы көрініс табады. Сонымен қатар жастар арасындағы махаббат тақырыбы да бейнеленеді. Бір подъезде тұратын көршілер, дүкенші келіншек, сантехник, куръер секілді қосымша кейіпкерлермен байланысты оқиғалар қатар өрбіп отырады.

Айта кетейік, жаңа телетуындыны 14 қазаннан бастап, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-де көре аласыз.

Оқи отырыңыз: Жаңа маусым: Almaty TV-де «Ақбесік» телехикаясы эфирге шығады

Новости партнеров