Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кезедсуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мектептердегі орын тапшылығын азайту мақсатында қыркүйек айында Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық «Prometheus school» жеке білім беру мектебін ашу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қала әкімі №15 гимназияны сейсмикалық тұрғыдан күшейтіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтып өтті. Жұмыстар ендігі жылдың шілде айында аяқталады.
"Қарашада №16 мектептің 350 орындық қосымша құрылысының жобалық құжаттамасын жасап бастаймыз. Сараптамасы 2023 жылы қарашаға, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы наурызға есептелген", - деді Ерболат Досаев.
Өткен кездесуде №136 және 58 мектептердің жағдайына қатысты мәселе көтерілген болатын. 2023 жылдың шілдесіне дейін осы мектептер күрделі жөндеуден өтіп, сейсмикалық күшейтуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.