Сабақ кезінде дезинфекция жасауға рұқсат берген: директордың орынбасары қызметінен кетті

stan.kz
stan.kz
Оқушылардың қорқып жылағаны бейнежазбаға түсіп, ол әлеуметтік желіге таралған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында сабақ кезінде дезинфекция жүргізуге рұқсат берген білім қызметкерлері жазаланды. Жауапты маман жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбедегі №9 мектеп-гимназиясында сабақ кезінде шыбын-шіркейлерге қарсы өңдеу жүргізілді. Дезинфекция ыстық тұман арқылы жасалып, оқушылар уланып қала жаздаған болатын. Оқушылардың қорқып жылағаны бейнежазбаға түсіп, ол әлеуметтік желіге таралған еді.

Олқылыққа жол берген басшылар жазасыз қалмады.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс уақытында дезинфекция жүргізуге рұқсат бергені үшін аталған мектептің директоры мен қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілген. Ал осы шаруаның басы-қасында жүрген директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары жұмыстан босатылған.

Бұған дейін Ақтөбеде мектеп оқушыларының уланып қала жаздағанын және директорға қатаң сөгіс берілгенін жазған едік.

Новости партнеров