2021 жылғы 27 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 26 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 230 адам анықталды (жергілікті), оның 222-і симптомдық белгілері бар және 8-і симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 122, келіп түскені – 119.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 056 адам (оның ішінде 28 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 106.
ӨЖЖ – 24, инвазивті емес ӨЖЖ – 47, High flow-да 27 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 409 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 312, симптомсыз 97 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 448 адам, 2-компонетін 2 289 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 25 қазан аралығында қала бойынша 1-компонентін – 990 225 адам, 2-компонентін 920 012 адам вакцинацияланды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 268.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.