Елімізде «Цифрлық білім» ауқымды жобасы іске қосылады

msal.ru
msal.ru
Қазақстанда 14 жастағы оқушылардың 54 пайыздан астамы цифрлы сауаттылықтың төменгі деңгейінде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 14 жастағы оқушылардың 54 пайыздан астамы цифрлы сауаттылықтың төменгі деңгейінде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал PIAAC агенттігінің зертеуіне сәйкес 6 мен 34 жас аралығындағы азаматтардың тек қана әрбір  5-сі цифрлы дағдыларды жақсы меңгерген. Мұндай ақпаратты білім беру саласындағы халықаралық зерттеу ұйымдары берген. Азаматтардың базалық сандық сауаттылығын арттыру үшін Білім және Ғылым министрлігі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын іске асыруды ұсынып отыр.

«Біріншісі – базалық цифрлы құзыреттілік. Барлық азаматтарға бағытталған. Мұндай бағдарламалардың мазмұнына: күнделікті өмір үшін қажет IT құралдарды пайдалану, цифрлық ортада бағдарлау, қарапайым ІТ өнімдерін жасау кіреді. Екіншісі – мамандандырылған ІТ-кадрларды даярлау. Нарықтың сұранысына сәйкес жоғары сапалы, ІТ саласын терең игерген, 320 мың маман дайындау көзделеді. Үшіншісі – басқа салалардың жұмыскерлерін IT құзыреттілігімен ұйқастырып даярлау», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ал, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев керісінше бұл салада жетістіктеріміз көп деп баяндады. Ол халықтың цифрлық сауаттылығы 82 пайыздан жоғары дегенді алға тартты. Тіпті Біріккен ұлттар ұйымы электронды Үкіметті дамыту бойынша Қазақстан 39 орынға лайық деген баға берген.

«Жалпы алғанда ІТ саласындағы адами капиталдың дамуының арқасында бүгінгі күні «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 802,5 млрд теңгеге экономикалық эффектіге қол жетті. Әртүрлі салада 120 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Отандық стартаптарға 38 млрд.-қа жуық инвестиция тартылды. Халықаралық рейтингтерде жақсы жетістіктер бар», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.


Новости партнеров