ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы облысында Қонаев академиялық қалашығын салады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
31 тамызда Қонаев қаласында Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, «Qonayev Academic Campus» Fund» комерциялық емес ұйымы басшылықтарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Өзара ынтымақтастық туралы» үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Ғылым саласы үшін аса маңызды саналатын құжатқа облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, министр С.Нұрбек және Қордың директоры Ж.Рахмани қол қойды.
Бұл уағдаластыққа ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қонаев қаласында «Қонаев академиялық қалашығын» салу жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында қол жеткізіліп отыр.
Келісім бойынша академиялық қалашық аумағына 2023-2024 жылдарда толық инфрақұрылым жүргізіліп, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржы тарту арқылы 2024-2027 жылдар аралығында еліміздің төрт университетін көшіру (1-кезеңде) және шетелдік төрт университетті ашу (2-кезеңде), ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, жатақханалар мен қонақ-үйлер салу, жұмыстары атқарылатын болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін екі кітапхана ашылады