|
26.02.2021 | 11:52
5392

Алматыда балабақша меңгерушілері мектепке дейінгі білім беру жөніндегі кеңесте қаралған мәселелердің өзектілігін атап өтті

Жиында мектепке дейінгі ұйымдарда құрылған қамқоршылық кеңес мүшелері туралы сөз қозғалды

Алматыда балабақша меңгерушілері мектепке дейінгі білім беру жөніндегі кеңесте қаралған мәселелердің өзектілігін атап өтті skengu.ru

Бүгін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен мектепке дейінгі ұйым басшыларымен алқа жиналысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

№113 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Шолпан Қалиасқарованың айтуынша, қалада жекеменшік балабақшаларды көбейтіп, жергілікті бюджеттен жартылай қаржыландыру жоспарланып отыр.

«Аталған жиналыста өзекті мәселелер қарастырылды. Мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі қозғалды. Осыған орай, тамақтандыруды бір жүйеге қою және оның сапасын арттыру баса назар аударылды. Келесі мәселеде, пандемия кезеңіндегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуын ескертілді. Кейбір мектепке дейінгі ұйымдардың осы санитарлық талаптарды орындамағаны аталынды. Алдағы уақытта кемшіліктерді болдырмау, алдын алу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда құрылған қамқоршылық кеңес мүшелері туралы сөз қозғалды. Кеңес мүшелерінің құрамына белсенді ата-аналарды тартуға және кеңес құрамын қайта қарастыруды тапсырды. Осы мәселе бойынша қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру көзделді. Алматы қаласы бойынша балабақшалардың жетіспеушілігі әлде де орын алуда. Бұл қиындықтан шығудың жолы   жекеменшік балабақшаларды көбейтіп, жергілікті бюджеттен жартылай қаржыландыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде шамамен 5 мың орын ашуға септігін тигізеді. Бұдан өзге балабақша ғимараттарын жаңалау, жаңғырту және жалға берілген ғимараттарды қайтарып алу жолымен  қосымша 2.2 мың орын ашуға мүмкіндік бар», – деді Ш. Қалиаскарова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир