|
31.07.2020 | 12:00
1597

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

Оқушылар химия пәнінен олимпиадаға қатысты

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды iae.su

Қазақстандық оқушылар халықаралық IchO 2020 химия олимпиадасында төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық химия олимпиадасы (IChO 2020) қашықтық форматында өтті. Оған әлемнің 62-ден астам елінен 248 оқушы қатысты. Олимпиадаға Қазақстаннан іріктеу кезеңдерінің жалпы рейтингісінде және Менделеев олимпиадасының нәтижелері бойынша ұлттық құраманың мүшелері болған төрт үміткер қатысты.

Биыл онлайн режимде өткен Халықаралық химия олимпиадасында ұлттық құраманың барлық мүшелері қола медальмен марапатталды. Олар: Қайырбек Қайдар - Павлодардағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, Мужубаев Әбілмансұр - Нұр-Сұлтан қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушысы, Сейсенқұл Бақдәулет - Нұр-Сұлтан қаласының дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мектеп-интернатының оқушысы, Абдугафарова Кибриянур - Алматы қаласындағы Халықаралық «Galaxy» мектебінің оқушысы.

Халықаралық химия олимпиадасы - 20 жасқа дейінгілер қатысатын жыл сайын өтетін химия бойынша сайыс. Халықаралық химия олимпиадасына қатысқан жылдар ішінде, дәлірек айтсақ 1999 - 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 72 марапатқа ие болды: 6 алтын, 27 күміс, 37 қола медаль және 2 құрмет грамотасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир