|
18.07.2023 | 13:29
306

Лагерь сөзі орталық деп өзгертіледі – Оқу-ағарту министрлігі

Лагерь сөзі орталық деп өзгертіледі – Оқу-ағарту министрлігі пресс-служба сената парламента Казахстана

Оқу-ағарту министрлігі лагерь сөзін орталық атауымен өзгерту мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Министрлік «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы №50 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда «лагерь» атауын «орталық» атауымен алмастыру мәселесі пысықталуда. Жалпы, жазғы уақытта балаларды демалыспен, сауықтырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және министрліктің ерекше бақылауында»,- делінген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Мәжіліс дептутаты сауалына берген жауабында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев кеңестік идеологиямен санамызға сіңген лагерь сөзін жазғы сауықтыру орталықтары сөзімен ауыстыратын уақыт жеткенін айтып, Оқу-ағарту министрінің атына сауал жолдағанын жазған едік.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир