Сабақтастық: балабақша бүлдіршіндері мектеппен танысты

Almaty.tv
Almaty.tv
Арнайы балабақша 2018 жылы ашылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық аясында бөбекжай бүлдіршіндері Алматыдағы №110 мектеп-гимназияның тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ересек топ балалары мектепке саяхат жасап, кітапхана мен сыныптарды аралады. Сондай-ақ білім ордасында  ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында балдырғандарға арнайы бұрыш әзірленген. Педагогтердің пікірінше, балалардың партаға отырып, мұғалімдермен сұхбаттасуы олардың бойындағы мектепке деген қызығушылығын оятып, сенімділігін арттырады.

– Алдын ала балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дайындық жасап қабылдайды. Сонда балалар мектепке келе жатқанына қуанады. Ата-аналарға да үлкен көмек. Себебі ата-аналар да уайымдайды. Олармен де танысып, жүйелі жұмыс жүреді, – деді   № 110 мектеп-гимназия директоры Жанар Абитова.

– Арнайы балабақша 2018 жылы ашылған. Біздің жылдық жоспар бойынша №110 мектеппен сабақтастық жұмыс атқарылады. Мақсат – балалардың мектеп туралы түсінігін кеңейту, мектепке қызығушылығын арттыру, – деді №26 Сөйлеу тілінде күрделі құбылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша меңгерушісі Айман Базбашаева.

Оқи отырыңыз: Мектептерде телефон ұстауға шектеу енгізілуі мүмкін

Новости партнеров