|
Bilim jáne ǵylym
11.07.2020 | 14:19

Алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді – министр

Қазіргі уақытта мектеп формасын алуға жағдайы болмаса, балаларға қарапайым классикалық киім алып беруге болады

Алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді – министр © Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мектеп формасы түсінігінің өзі, оның қағидаты мен талаптары ешқайда жоғалып кетпейді. Бірақ біз бұл бұйрыққа арнайы тармақ енгіземіз. Яғни ол тармаққа төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайлар жатады. Дәл осындай жағдайларда балаларға классикалық іскерлік киіммен келуге рұқсат береміз», – деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Оның айтуынша егер ата-аналарда қазіргі уақытта мектеп формасын алуға жағдайы болмаса, балаларға қарапайым классикалық киім алып беруге болады.

«Мұндай шешімді біз қабылдадық. Қазіргі жағдайда бұл шешімнің маңызы зор деп есептейміз. Мұны кеңес сипатында емес, Білім және ғылым министрлігінің әділет органдарында тіркеген бұйрығы негізінде жүргізіп жатырмыз. Шешімнің нормативті-құқықтық құжат ретінде сипаты болуы керек», –  деді ол.

‡агрузка...