Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде тау-кен өндірісі саласында білім алатын студенттер үшін жаңа аудитория ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Заманауи техникамен жабдықталған зертханада АЭС-те жұмыс істей алатын болашақ мамандар дайындалмақ.
Бұл – әлемдік тәжірибені сарапқа сала отырып, тың технологияларды меңгеруге көмектесетін жоғары оқу орнындағы екінші аудитория. Бұған дейін энергетика бағытында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға негізделген зертхана жұмысын бастаған.
– Тау-кен машиналарын оқытамыз. Олардың қызмет көрсету, жұмысқа қабілеттігін сақтау және жұмыс мерзімділігін ұзарту сабағы өтеді. Заманауи предиктивті технологияларды қолданады, – деді Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ технологиялық жабдықтар кафедрасының меңгерушісі Бақытжан Қалиев.
Оқи отырыңыз: АЭС алғашқы уақытта кем дегенде 30 пайыз электр энергиясын береді - Қасым Елемесов