Алматыда биыл 2 балабақша ашылмақ

egemen.kz
egemen.kz
Қазір қалада 43 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл соңына дейін 560 орынға арналған 2 мемлекеттік балабақша және 6 мың орындық 69 жекеменшік бөбекжай ашылмақ. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қазір қалада 43 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Айта кетейік, Алматыда 866 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп тұр. Онда 75 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр.

«Қалада мектепке дейін білім беру саласындағы негізгі проблема балабақшалардағы орын тапшылығы болып табылады. Бүгінгі таңда, 1-6 жасқа дейінгі 43 мыңнан астам бала кезекте тұр. 2-6 жасқа дейін балалар 71,4 пайыз, 3-6 жасқа дейінгі балаларды 91,6 пайыз қамтылған», – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Ал балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жаңадан ашылған бөбекжайлар тексеріледі. Екінші, мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген балабақшалар, үшінші, барлық жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәуекелдерді бағалау деңгейі бойынша лицензияланатын болады.  

«Білім министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда лицензиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі заңнамада белгіленген тәртіппен енгізілген лицензиялаудың реттеуші әсеріне талдау жасалады. Содан кейін тиісті заң жобасы қабылданады. Бүгінгі күнге қолданыстағы нормаларға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда ашу кезінде қызметтің басталғаны туралы тек хабарлама түрінде жіберу қажет», – деді Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Омарова.


Новости партнеров