|
04.08.2023 | 14:46
590

Елімізде жасы толған 105 бала мектепке бармаған

Биыл 390 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

Елімізде  жасы толған 105 бала мектепке бармаған baribar.kz

Елімізде 105 бала жасы толса да, мектепке бармаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан бұл мәселені орта білім беру мекемелері шешуі керегін айтты

– Бүгінгі таңда балалардың мектепке бармауының 105 фактісі тіркелді және ол бойынша министрлік жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер ол балаларға қатысты қандай да бір қиындық болса, мәселе әлеуметтік қызметтермен бірлесіп шешіледі, – деді ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан.

Биыл 390 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Демек, білім алушылар саны 3 миллион 900 мыңға жуықтайды. Ал «Мектепке жол» республикалық акциясы асында 450 мың балаға көмек көрсетіледі. Яғни, мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға 18,7 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражат «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан бөлінеді.

–«Жалпыға бірдей білім беру» қоры жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға қаражат қолдау мақсатында беріледі. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз және әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасыларға беріледі, – деді ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 17 мектептің құрылысы тоқтап тұр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир