Алматының кәсіпорындары мен колледждері базасында 100-ден астам оқу орталығы жұмыс істейді. Орталықтарда жұмыссыздарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
А. Қошмамбетов Кәсіпкерлер Палатасы 109 оқу орталығын ашуға ықпал еткенін, оның 23-і Алматы колледждерінің базасында, біреуі университет базасында, 73-і кәсіпорын базасында ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Биыл 1 031 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам оқуға кірісті. 406 адам оқуын жалғастыруда. 625 адам оқуын аяқтады, 43 адам оқуын мерзімінен бұрын аяқтады, 188 адам жұмысқа орналастырылды», - деді А. Қошмамбетов.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Алматыда Жол картасын жүзеге асыру аясында дуальды білім беру жүйесі қолданылатынын айтты. Қазірдің өзінде 43 колледж және 289 кәсіпорын қамтылған. Бұл үшін алғышарттар еңбек нарығының ағымдағы жағдайын талдайды әрі кәсіпорындардың білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде кәсіпкерлер палатасы колледждер мен кәсіпорындардан жаңа 2021-2022 оқу жылына дуальды білім беру жүйесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдауда. Әзірге 31 колледж және 140-тан астам кәсіпорын өтініш білдірді.
Оқу орындарымен мұндай әлеуметтік әріптестік одан әрі кеңейетін болады, бұл жергілікті деңгейде кадрларды неғұрлым сапалы даярлау үшін қолайлы. Шын мәнінде, колледж кәсіпорындарға өндіріс процесіне бірден қосыла алатын өздеріндегі адамдарды жіберетін болады.