Биыл ұлттық біріңғай тестілеуге 132 мыңға жуық түлек қатысады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық біріңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтау арқылы 161 пункте өткізіледі. ҰБТ форматы биыл да өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өтеді. Барлық тест тапсырмаларының саны – 120, максималды балл – 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді. Асхат Аймағамбетов осы жылы өтініштерді қабылдау алғаш рет онлайн форматта өткенін айтты. Тек интернеті жоқ өңірлердің түлектері үшін дәстүрлі форматта құжаттар тапсыру мүмкіндігі берілген.