|
29.12.2023 | 15:03
463

Шәкіртақыдан қағылған павлодарлық студенттердің құқы қорғалды

Дұрыс есептемеу фактісі анықталды

Шәкіртақыдан қағылған павлодарлық студенттердің құқы қорғалды  elements.envato.com

Павлодар облысында мыңға жуық студентке шәкіртақы дұрыс есептелмеген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс әкімдігімен пайда болған берешекті өтеу үшін 40 млн теңге өндірілді. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше студенттердің құқығы бұзылған.

– Оқушылардың құқығы  сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде медициналық колледж студенттеріне шәкіртақыны дұрыс  есептемеу фактісі анықталды. Яғни шәкіртақының өскені ескерілмеген, – дейді прокуратурада.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап төлемдер мөлшерін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер қабылданған. Оған сәйкес шәкіртақы 20 948-ден 31 422-ге дейін – 10,5 мың теңгеге  өскен.

Дегенмен 2023 оқу жылының басынан бері 965 студент ескі мөлшерлеме бойынша шәкіртақы алуды жалғастырған.

Қазіргі уақытта студенттерге тиесілі барлық сомалар төленіп, кінәлі адамдар жазаланды.

Оқи отырыңыз: Әлем мұғалімі: алматылық ұстаз үздік атанды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир