Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен жымқырылған 120 млрд теңге мектеп құрылысына жұмсалады. Бармақ басты, көз қысты әрекеттен қайтарылған қаражат республикадағы білім ошақтарының күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға беріледі. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары - қаржы министрі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, қазір арнайы шотта 120 млрд теңге жинақталған.
«Бірінші кезекте мектептерге жөндеу жұмысын жүргіземіз. Бұл жөндеуді, кеңейту үшін белгілі бір жапсарлас жайлардың құрылысын қажет етіп отырған 3 ауысымды мектептерге қатысты. Қазір өтініш қабылдау басталды. Біз оларды қарастырып болған соң республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереміз. Сосын бұл қаражатты аймақтарға бөлеміз», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.