Елімізге келетін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жүк көліктеріне тәртіп қатаңдатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бастама жалған транзит пен «көлеңкелі импортты» жоюға бағытталған. Аталған заң жобасы бүгін Сенатта қолдау тапты. Жобаның тиімділігі саладағы заңсыздықтың жолын кесіп, салықты арттырады. Соңғы жылдары елде 20 мың 900 жалған транзит дерегі анықталыпты. Шеттен келетін әрбір алтыншы автокөлік импортқа қатысы жоқ тұлғалардың мекен-жайына жіберілген.
«Біз актілерді анықтағаннан кейін, тәуекелді басқару жүйесі және салықтық мониторинг арқылы жобаны іске қостық. Соның арқасында бірнеше фактіні қысқарттық. 2019-2020 жылдары жалған импортқа қатысты факті 11 мыңнан 8 мыңға дейін төмендеді», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оқи отырыңыздар: Ақылы жолдармен жүру және төлем жасау тәртібі өзгереді