|
19.11.2023 | 15:57
730

Әлемнің түрлі жемісін жылыжайда өсіруге болады

Шымкенттік оқушылар зерттеу жүргізді

Әлемнің түрлі жемісін жылыжайда өсіруге болады Сурет: elements.envato.com

Шымкенттік мектеп оқушылары жер шарының түрлі белдеуінде өсетін жеміс пен көкөністі, гүл мен ағаштарды жерсіндіріп, жылыжайда өсіріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап. Олар өскіндерді тек күтіп-баптап қана қоймай генетика мен биотехнология, IT саласының жетістіктерін пайдаланып, ғылыми жобалар жасауға кіріскен.

10 сыныпта оқитын Нұрлыбек Қошқаров екі жылдан бері жылыжайда тропикалық жемістің бірнеше түрін өсіруде. Қазір мұнда цитрус жемістерден бастап лавр, ананас және киви көшеттері жайқалып тұр. ІТ саласын жетік меңгерген шәкірт ылғалдандыру, жарықтандыру, жасанды тұман түзу сияқты күтіп баптау жұмыстарын автоматты жүйемен басқаратын етіп алған.

 - Біз өзіміздің жұмысымыздың 50 пайызын қолмен істесек, қалғанын технология арқылы істейміз. Егер норма өз қалпынан түсіп немесе жоғарыласа барлығы автоматты түрге ауысады, - деді мектеп оқушысы Нұрлыбек Қошқаров.

Пирамида пішіндес жылыжай іші үш аймаққа бөлінген. Субтропикалық белдеудің іші 4 пен 20 градус аралығында жылы. Мұнда анар, құрма, інжір, бадам ағаштары бүршік жарып келеді. Сондай-ақ қоңыржай климатта аквапоника тәсілімен егілген көкөністердің тамыры жалаң күйде сумен өсіп-өнуде.

 - Біз үнемі осы жерге келіп, экспериметтер жасаймыз. Соның арқасында түрлі көкөністердің құрылымын, құрылысын білеміз. Оларда құрамындағы дәрумендер  жайлы да ақпарат жинаймыз, - деді мектеп оқушысы Қазына Рүстемова.

Мектептің биологиялық зертханасында қазір 800 түрлі өсімдік жайқалып тұр. Шәкірттер мен ұстаздар бірлесіп 100 жуық ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізген.

Оқи отырыңыз: Шай түрлі бактерияларды жоя алады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир