ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімі шықты. Нәтижесінде әлемдегі жетекші университеттер мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтетін 25 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бапасөз қызметі сілтеме жасап.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланды.
биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 лекке бөлінген.
Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі - 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында. Екінші легі 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, үшіншісі - 5 маусым мен 7 шілде аралығында, төртіншісі - 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.
Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
Оқи отырыңыз: 28 мың адам кәсіптік оқыту платформасында курстардан өтті