|
27.04.2022 | 17:15
1192

Алматыда «Түрксіб аруы – 2022» атты байқау өтті

Сайыста 14 пен 16 жас аралығындағы оқушы қыздар қатысып, өнер көрсетті

Алматыда «Түрксіб аруы – 2022» атты байқау өтті Almaty.tv

Алматыда балалар жылына орай «Түрксіб аруы – 2022» байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шараға 14 пен 16 жас аралығындағы оқушы қыздар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 5 кезеңнен тұратын конкурстың басты мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу. Шара соңында байқау жеңімпаздары анықталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

«Негізгі бүгінгі байқауды өткізу мақсатымыз – ұлттық құндылықты дәріптеу. Қыз тәрбиесіне  мән беріп, болашаққа бағыт беру. Бүгінгі іс-шара балалар жылына арнайы ұйымдастырылды», – деді №6 оқушылар үйінің әдістемелік бөлім меңгерушісі Шекер Сыздықбаева. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир