Алматыда шығыстанушы-академик, тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлымен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынды Рамазан Сулейменов атындағы Шығыстану институты профессордың мерейтойына орай ұйымдастырды. Іс-шарада отандық шығыстанудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жас ғалымдарға, докторанттар мен магистранттарға саланың басым бағыттары мен зерттеу тәсілдері таныстырылды.
– Дипломатиялық қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін қытайтану ғылымы керек. Яғни бұл сала да маңызды. Қытай тілін жетік меңгерген, мәдениет-тарихын білетін жас ғалымдар бар. Тек оларға қаржылық тұрғыдан қолдау керек, – деді тарих ғылымдарының докторы, шығыстанушы Нәбижан Мұқаметханұлы.
Оқи отырыңыз: ОСК төрағасы студенттермен кездесті