|
Білім және ғылым
13.02.2019 | 17:59

«Нұр Отан»: Алматыда 20 түлек ЖОО-да тегін оқу грантын иеленді

Жастардың тегін оқуына мүмкіндік беретін сертификатты қала әкімі Бауыржан Байбек табыстады

«Нұр Отан»: Алматыда 20 түлек ЖОО-да тегін оқу грантын иеленді

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай 20 студент 4 жыл тегін оқуға грант алды. Олардың қатарында түрлі олимпиада жүлдегерлері, жетім-жесірлер, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасынан шыққандар бар. Бүгін жастардың тегін оқуына мүмкіндік беретін сертификатты қала әкімі Бауыржан Байбек өзі табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, бас партия құрамына бес жаңа мүше қабылданды. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына Алматы қаласының атынан Астанаға баратын делегация құрамы да бекітілді.

«Мен көпбалалы отбасынан шыққан жастардың бірімін. Ата-анам қарапайым еңбек адамдары. Кішкентай кезімнен маған сапалы, тиянақты білім алуды үйреткен. Бүгін міне, «Нұр Отан» партиясының арқасында өзім армандаған университетте тегін білім алуға үлкен мүмкіндік алып отырмын. Сол үшін сіздерге айтар алғысым шексіз. Бізге артып отқан үмітті ақтауға, Отанымызға адал қызмет етуге уәде беремін», – дейді грант иегері Лаура НҰРБОЛАТ.