Алматыдағы Алғабас ықшамауданының тұрғындары автобус аялдамасына зәру

Алматыдағы Алғабас ықшамауданының тұрғындары автобус аялдамасына зәру
«Қар жауып, боран соққанда ашық жерде тұруға мәжбүрміз» дейді тұрғындар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алғабас-6 ықшамауданының тұрғындары аялдаманың жоқ екенін айтып, «Алматы» телеарнасына хабарласты.

Тұрғындардың айтуынша, №7 бағыттағы қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы алыс. Ал халыққа ыңғайлы жерге автобус ұзақ тұра алмайды екен. Өйткені, көше тар, көлік те көп жүреді дейді тұрғындар.  

«Бізге №7 автобус келеді. Бұл жалғыз автобус. Алғабас ықшамауданының орталығы болғандықтан, осы жерге халық көп жиналады. Бірақ бәрі сол жалғыз автобусқа сыймайды. Екіншіден, ең болмаса аялдама да жоқ. Міне, көріп тұрсыздар, қар жауып тұр. Жаңбыр жауып, жел соққанда да осылай тұруға мәжбүрміз», – дейді тұрғындардың бірі Мұрат МҰҚАШЕВ.  

«Бұл автобустың айналатын жері ыңғайсыз. Ыңғайсыз болғаннан кейін автобусты шетпен жүруге мәжбүрлеп қойды. Мектептің төмен жағында тұратындар азық-түлік сатып алса, сол жаққа қарай ұзақ жол жаяу кетуге тура келеді. Соңғы аялдамада біраз уақыт қозғалмай тұратын автобус содан соң уақытымыз бітті деп кетіп қалады», – дейді тағы бір тұрғын Дариға ДОСЫМОВА.        

Ал қалалық әкімдік өкілдері жұрттың өтініші бойынша аялдаманың салынатынын жеткізді. Сонымен қатар, көшелерді автобустың жүруіне ыңғайлы етіп кеңейту жоспарда бар екенін айтуда. Аталған жұмыстар наурыз айына дейін бітеді деп күтілуде.

«Алғабас ықшамуданының шағымдарына байланысты аялдама нысанын орнату жөнінде бізбен ол жерге тексеру жүргізіліп, аялдама нысанын қою туралы шешім қабылданды. Ол жұмыстарды біз осы айдың аяғына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қаласы Мобильділік басқармасының бөлім басшысы Әсет ТӨЛЕУІШОВ.      


Новости партнеров