|
03.12.2020 | 20:26
7030

Атырауда мектеп оқушылары робот-дрон құрастырып шығарды

Бұл дронның өзгешелігі мен ерекшелігі қандай?

Атырауда мектеп оқушылары робот-дрон құрастырып шығарды Almaty.tv

Атырауда мектеп оқушылары робот-дрон құрастырып шығарды. Қызылқоға ауданының Сағыз орта мектебінде оқушылар заманауи технологияларды құрастырып, жақсы жетістіктерге жетіп үлгерген. Бұл дронның өзгешелігі мен ерекшелігі қандай? Жас өнертапқыштардың еңбегі туралы толығырақ Almaty.tv тілшісі Анар Қанат тарқатады.

STEM зертханасында бүгінде 5-11 сынып аралығындағы оқитын 30 оқушы білім алуда. Олардың құрастырған дрондары әдеттегіден ерекше. Ол әуеде ұшады, су бетінде жүзеді және кадрларды түсіреді. Дронның әуеде ұшу жылдамдығы секундына 1,5 метр.

«Бұл біздің жұмыс жасауымызға керек пластигіміз, содан кейін біз осы 3D принтрімізге колибровка жасаймыз. Жасап болған соң, мына пластик ерітілетін градусты таңдап алып, осы принтрімізді жұмысқа жібереміз. Қазіргі осы мектебіміздің әр кабинетіне қажетті брелокты жасап жатырмыз», – деді 10-сынып оқушысы Әлбина Тілекқабыл.

Зертханада 3D принтермен негізінен жоғары сынып оқушылары жұмыс істейді екен. Арнайы бағдарлама жүктелген принтердің көмегімен бүгінде оқушылар телефон тіреуіші, құмыралар, ерекше форматтағы Абай кітабын, брелоктар, медальдер жасап шығарған. Тіпті6 аталмыш лабораторияда 3 түрлі функция атқаратын құлтемірлер құрастырылыпты.

«Әлемдік деңгейдегі дамыған лаборатория математика, инженерия бағытындағы технологиялық ізденістерге бағытталған. Жоғары сынып оқушылары роботтарды құрастыруда, төменгі сынып оқушылары өнім жасаудың жолдарын үйреніп жатыр. Талаптары жоғары... », – деді Сағыз орта мектебі директорының міндетін атқарушы  Мейрамгүл Аяғанова.

Айта кету керек, Сағыз орта мектебіндегі STEM лабораториясы 2020 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылған. Бұл – ауыл мұғалімдерінің жемісі мен жеңісі дейді білім ордасының басшылығы. Себебі осы мектептің химия пәнінің мұғалім Ақынта Бисембиева 2019 жылы республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанып, жүлдеге осы зертхананы ұтып алған көрінеді.

Анар Қанат, Ринат Фархат, «Алматы» телеарнасы, Нұр-Сұлтаннан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир