Есірткі саудасы: Қызылорда облысында қылмыстық топ ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қадағалаушы орган өкілдері 3 есірткі алқабын жойып, 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында 2 жыл қатарынан есірткі егіп келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арнайы операция Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірге жүргізілген. Қадағалаушы орган өкілдері аталған топ еккен 3 есірткі алқабын жойып, 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіледі.

– Прокуратура органдарының үйлестіруімен Қызылорда облысының аумағында 2022-2023 жылдары есірткінің, сора өсімдігінің голандтық түрін егіп, күтіп-баптап өсірген ұйымдасқан қылмыстық топ ҰҚК қызметкерлерімен құрықталды. Аталған топтың құрамына енген қылмыстық ортаның 22 белсенді мүшесі құрықталып, оларға қатысты күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасы қолданылды, – деді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Батырбек Нұрмағанбетов7

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында бірнеше балабақшаға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Новости партнеров