|
04.04.2019 | 19:19
4601

Қазақстандық 24 вундеркинд Алматыдағы IT-лагерьге жиналды

Олар жүлде қоры 4 миллион теңгелік байқауда бақ сынайды

Қазақстандық 24 вундеркинд Алматыдағы IT-лагерьге жиналды

Алматыда IT-саласы бойынша үздік жоба анықталуда. Оза шапқан 4 жеңімпаз жалпы көлемі 2 миллион теңге жүлде қорын тең бөліседі. Жобаға республиканың әр өңірінен келген 24 жас маман қатысып жатыр. Олар дәл қазір өз білімін арнайы ашылған IT-лагерінде жетілдіруде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Байқауға қатысу үшін Шымкенттен келген студент Ернұр Темірбай мүгедек жандарға қолайлы мобильді қосымша жасап шығармақшы. Ол жеке сәйкестендіру номерін енгізу арқылы жұмыс істейді.

«Науқас адамдарға барынша ыңғайлы болады. Осы мобильді қосымша арқылы олар диплом алып, табыс табуға мүмкіндік алады. Алдағы уақытта Қазақстанның барлық университеттерімен келісімшартқа отырамыз деп жоспарлаудамыз», - дейді Е.Темірбай.

Ернұр сынды IT саласын меңгеруге ниетті жастар арнайы ашылған инклюзивті лагерьде білімін жетілдіруде. Олар мұнда бағдарлма жүйесін, жобаларды жүзеге асыру, көшбасшылық бағыт және кәсіпкерлік негіздерін үйреніп жатыр. Еліміздің әр өңірінен келген 24 азамат топ болып, әрқайсысы өз жобаларымен келген.

«Қазір нарықта IT бағыттағы түрлі курстар мен семинарлар өтіп, оқыту орталықтары қызмет көрсетеді. Алайда, олардың басым бөлігі теориямен ғана шектеліп қалуда. Ал, біздің жобаға қатысушылар өз білімін тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсете алады. Тәжірибелі мамандар сабақ өткізеді», - дейді «Ерекше таңдау – Шелек» корпоративтік қорының президенті Захира БЕГАЛИЕВА.

Іс жүзінде өз жобасының тиімділігін көрсеткендерге гранттар табысталады. Жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражат 4 жеңімпазға теңдей бөлінеді.

Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир