Орта мектептерде білім алатын 300 мың оқушының компьютері жоқ – министр

kz.otyrar.kz
kz.otyrar.kz
Алматы қаласы 10 мыңнан астам компьютерді таратып үлгерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда орта мектептерде білім алатын 300 мың оқушының компьютері жоқ. Ал бұл мәселені шешудің амалдарын Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Интернеті, техникалық мүмкіндігі бар, бірақ компьютері жоқ 300 мыңнан астам бала бар. Олар бойынша бізде тиісті ақпарат жеткілікті. Сондықтан бұл мәселе бойынша екі шешу жолын көріп отырмыз. Біріншіден, мектептердің балансындағы компьютерлерді балаларға уақытша пайданалуға беру. Бұл жұмысты бастадық. Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары белсенді жүргізіп жатыр. Айталық, Алматы қаласы 10 мыңнан астам компьютерді таратып үлгерді. Сондықтан мектептердің компьютерлерін уақытша пайдалану бойынша арнайы актімен ата-аналарға, балаларға білім алсын деп тапсырып жатырмыз», – деді  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Бүгінде қосымша компьютерлер сатып алу жұмысы жүргізіліп жатыр. 80 мыңға жуық құрал сатып алынады деп күтілуде. Оның ішінде планшеттер де бар. Бүгінге дейін тиісті талдау да жасалған деді министр. Ал шалғайдағы ауыл мектептері дәстүрлі форматта білім бере алады. Оқушылары 4-тоқсанды мектепте оқуға мүмкіндігі бар. Себебі оларда бала саны өте аз.

Новости партнеров