|
27.12.2023 | 20:35
491

Сұңқар-2023: студенттер арасында спорт үздіктері марапатталды

Іс-шара алғаш ұйымдастырылып отыр

Сұңқар-2023: студенттер арасында спорт үздіктері марапатталды Almaty.tv

«Биыл студенттік спорт үшін жемісті әрі жеңісті жыл болды». Бұл – «Сұңқар-2023» студенттік спорт үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысушылар пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның ұлттық студенттер спорт одағы биыл алғаш рет жылды қорытындылап, жүзден жүйрік шыққан жастарды марапаттады. Оларға арнайы диплом табысталып, кубок берілді.

– Қазақстанның ұлттық студенттер спорты одағы студенттерді ынталандыру, жігерлендіру үшін және басқа шәкірттерді бұқаралық спортқа тарту үшін осындай іс-шараны ұйымдастырып отыр. Жарыс жеңімпаздары, алтын медаль иегерлері «үздік студенттік спортшы» деген атақ ие болады және спортшыларды жаттықтырған жаттықтырушылар марапатталады, – деді Қазақстан ұлттық студенттік спорты одағының вице-президенті Мұхтар Есқалиев.

– Бізді марапаттап жатқанына рақмет айтамын Өсіп келе жатқан жастарды жігерлендіреді деп ойлаймын, – деді спортшы, грек-рим күресінен әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы.

Оқи отырыңыз: Алматыда шахматтан турнир өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир