Атажұртқа қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артты
egemen.kz
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне көшіп келді. Бұл туралы Отандастар қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың 70 пайыздайы Өзбекстаннан қоныс аударған. Өзгелері Қытай мен Түркіменстан, Моңғолия және басқа да елдерден. Қандастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған Отандастар қорының мәліметінше соңғы жылдары ата жұртына қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан.
«Отандастар» қоры алыс-жақын шет елдердегі қазақтармен үнемі байланыста. Мамандардың айтуынша атамекеніне оралғысы келетіндер көп. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды. Көш әлі де жалғасады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37