|
22.07.2024 | 08:57
380

Ақмола облысында АН-2 ұшағы жанып кетті

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Ақмола облысында АН-2 ұшағы жанып кетті Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға кеше кешке Державинск қаласынан 10 шақырым жердегі Жарқайың ауданында болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ал борттағы ұшқыш өздігінен эвакуацияланыпты. Өрт қазір толығымен сөндірілген. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері мен прокуратура жұмыс істеді. Ал көлік министрлігі аталған жайттың анық-қанығына жету үшін арнайы комиссия құрылатынын айтты.

– 21 шілдеде өрт сөндіру пункіне Жарқайың ауданында АН-2 ұшағының құлағаны туралы хабар келіп түсті. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – деді Жарқайың аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Тілек Бектасов.

Оқи отырыңыз: СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир