|
28.11.2019 | 09:28
1314

Ақтөбеде ұсталған адамды ұрып-соққан 10 полицей қызметінен қуылды

Видеодан полицейлер ер адамды ПБ ғимаратына сүйреп кіргізгенін көруге болады

Ақтөбеде ұсталған адамды ұрып-соққан 10 полицей қызметінен қуылды

Ақтөбеде ұсталған адамды полиция ғимаратында ұрып-соғу ісіне қатысы бар он полицей қызметінен қуылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада 15:00-де "Заходи" кафесінен полицияға қоңырау түскен. Көңіл көтеру орталығында төбелес басталған. Оқиға орнына патрульдік полиция жөнелтілген. Күдіктілердің бірі кафеде келушіні ұрып-соққаны анықталды.  

"Қаладағы Алматы аудандық № 3 полиция бөліміне төбелеске қатысқан үш адам жеткізілген, олар мас болған. Полиция бөліміне жеткізілген уақытта олар қарсылық білдіріп, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бағынбаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") және ҚР ҚК 378-бабы ("Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция бөліміне жеткізілген уақытта полицей ұсталғандардың бірін ұрып-соққан. Ақтөбе облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ер адамды ұрып-соққан полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 1-бөлігі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция департаменті басшысының бұйрығымен 10 қызметкер қызметінен босатылды. Тағы үш полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген ПД хабарламасында.  

Еске салайық, Ақтөбеде полицейлердің ұсталған ер адамды ұрып-соғып жатқаны видеоға түсіп қалған. Полиция бөліміндегі бейне бақылау камерасы түсірген видеоны порталдың оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне +7 777 001 44 99 жіберген.

Видеодан полицейлер ер адамды ПБ ғимаратына сүйреп кіргізгенін көруге болады. Еденде жатқан ер адамды бірнеше құқық қорғау органдары қызметкерлері тепкілей бастайды. Соққыға жығылған ер адам олардан қорғануға тырысып бағады, бірақ оған кісен кедергі келтірген.

Жиналып қалған полицейлер металлодетекторын қирата жаздайды - басқа полицейлер оны тіреп қалған. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның қалалық полиция бөлімінде болғанын айтады. Оқиға қалалық полиция бөлімінің ғимаратында болған, онда 1992 және 1995 жылғы жігіттер бұзақылық әрекеттері үшін жеткізілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир