Ақтөбе облысында 17 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті
Жасөспірім 24 қарашада Бірлік ауылындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысында 17 жастағы Сүлеймен Есенәлиевті іздестіріп жатқанына төрт тәулік болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Жасөспірім 24 қарашада Бірлік ауылындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған. Баланың туыстары келесі күні полицияға арыз берген. Сүлейменнің бала кезінен екінші деңгейлі мүгедектігі бар.
"Із-түзсіз жоғалған жігіттің қайдан екенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Іздестіру шараларына 22 полицей, ауыл әкімдігінің 12 қызметкері, 30-дан аса тұрғын және жергілікті мектептің 10 шақты мұғалімі жұмылдырылған. Қандайда бір мәліметті білген жағдайда мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8771 786 66 66, 8776 546 66 66 және 102", - делінген Ақтөбе облыстық ПД бапсасөз қызметінің өкілдері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37