Жыл басынан бері мыңнан астам алматылық отбасы қалалық еріктілерден көмек алды

РСК
РСК
Бұл түрлі қайырымдылық іс-шаралар мен эко-акциялар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алматылық еріктілер азаматтарға не үшін және қалай көмектесетіндерін айтты. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде мегаполисте қарқынды дамып келе жатқан волонтерлік ұйымдардың бастамаларын қолдайтынын атап өтті. Белсенділер бір жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан жобаларды еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева алматылық еріктілер жұмылдырудың жоғары деңгейімен ерекшеленетінін, олардың бірігіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіндіктерін атап өтті. Мәселен, 2022 жылдың қаңтарында еліміздегі төтенше жағдай режимі кезінде қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, мекемелер мен кәсіпорындарға көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Барлығы 1000-нан астам алматылық отбасына көмек көрсетілді.

«Қайырымдылық шараларының басым бөлігі мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында өткізілді. Еріктілер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға ауызашар беріп, қала көшелерінде құрма мен су таратуға ат салысты», - деді Б. Анарбаева.

Бұл ретте қоғамдық қор төрайымы алматылық еріктілер өз миссиясын бір реттік акция емес, өмір салтына айналдырғанына сенімді.

«Біздің қаламызда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кәсіптік бағдар беру және қысқа мерзімді кәсіптерге оқытуға бағытталған "әлеуметтік шеберхана" авторлық жобасы жұмыс істейді. Онда еріктілерге ерекше рөл беріледі. Сонымен қатар, біз «Ulagat» жобасына қатысып, жалғыз басты ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасаймыз», - деді еріктілер көшбасшысы.

Мереке күндері еріктілер үлкен жұмыс атқарды. Бұл түрлі қайырымдылық іс-шаралар мен эко-акциялар.

Брифингтің тағы бір қатысушысы «Қазақстан еріктілері лигасы» ҚҚ төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыров еріктілер өздерінің нақты іс-әрекеттерімен қоршаған әлемді, өз елін өзгертетінін атап өтті.

«Біз жеті бағыт бойынша жұмыс жасаймыз. Олардың ішінде: BILIM, SABAQTASTYQ, QAMQOR, TAZA ALEM, ҮМІТ, ASYL MURA, AYALA. Республикалық «Игі істер марафоны», «Ардагерлерді ардақтайық», «Шәй ішейік», «Жарқын жұлдыз» акцияларын ұйымдастыруға қатысып келеміз. Биылғы жылдың басынан бері фронт-офистің қолдауымен 80-ге жуық жоба ұйымдастырылып, жүзеге асырылды», - деді Н. Бекқайыров.

Оның айтуынша, қаланың барлық жоғары оқу орындарында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының филиалдарын ашу жоспарлануда. Бүгінде бұл ұйымның филиалдары 23 жоғары оқу орнында жұмыс істейді.

«Мен еріктілер тек жастар қатарынан болады деген стереотиптердің бірін жоққа шығарамын. Біз «күміс волонтер» тұжырымдамасын әзірлеудеміз. Бұл белсенді азаматтық ұстанымы бар еңбектенуші адамдар», - деді Н. Бекқайыров.

Сөз соңында спикерлер ерікті болу қиын емес, кез келген фронт-офиске хабарласып, оқудан өтіп, команданың бір мүшесі болу жеткілікті екенін айтты. Осындай азаматтардың бастамалары медальдармен, алғыс хаттармен марапатталады.

Новости партнеров