Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Былтыр гүл әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.
Салыстырып өтсек, 2022 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 46 млн долларды құраған (6 832 тонна).
2023 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері: Эквадор – 4 913 тонна, Нидерланд – 1 633 тонна, Кения – 635 тонна және Колумбия – 488 тонна.
Оқи отырыңыз: Мереке күні қыздар қандай сыйлық алғысы келеді