Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде жоғалған әскеридің денесі табылды

ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі
Жоғалған әскери қызметкердің сүйек қалдықтары мен қандас туыстарының ДНК талдауы толығымен сәйкес келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыс кезінде жоғалып кеткен сарбаз Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі бір жылдан кейін табылды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сержант сүйегінің қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары кезінде тапқан. Ал молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетіпті әрі ДНҚ талдаулары да туыстарының қанымен сәйкес келген. Марқұмның отбасына жерлеу шығындары мен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді. Сондай-ақ оның балаларын оқытуға, жұмысқа тұрғызуға көмек көрсетіліп, үй сатып алуға қаржы қарастырылмақ.Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Новости партнеров