Қазақстанда аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы басталды

Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz
Дауыс беру еліміздің 17 өңірінде өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде алғашқы аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы басталды. Дауыс беру еліміздің 17 өңірінде өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

5 қарашада аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы алғаш рет өтеді. 17 облыста сайлау учаскелері ашылды, үш қала мен 42 ауданның басшысы сайланады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау компаниясы кезінде барлығы 249 кандидат ұсынылған, оның 164-і тіркелді: 69-ын саяси партиялар, 95-і өзін-өзі ұсынған.

17 облыстың Мәслихаттары өз өкілеттіктеріне сәйкес пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізімін бекітті, сондай-ақ олардың мерзімін 5 қарашаға белгіледі.

Оқи отырыңыз: Шанхайда 5 қарашада VI Қытай халықаралық импорт көрмесі ашылады

Новости партнеров