Алматылық әнші күйеуінің өзін ұрлап, өлтіруге әрекеттенгенін айтты (фото)

Алматылық әнші күйеуінің өзін ұрлап, өлтіруге әрекеттенгенін айтты (фото)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық әнші Ксения Ашигалиева күйеуінің өзіп алып қашып, өлтірмек болғанын айтты. Бұл туралы жазба Facebook-тағы "НеМолчи.kz" парақшасында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ашық форумның мәліметінше, әйел адам жеті жыл отасқан жұбайынан қорлық көрген. Олардың екі баласы бар.

Қоғамдық ұйым анықтағандай, әнші күйеуінен үнемі таяқ жеген. Сондай-ақ, ол күйеуінің барлық қаражатты өзіне алып, әр қадамын аңдитынын айтты.

Ксения құқық қорғау органдарына жүгінген, бірақ полиция да оны қорғай алмаса керек. Содан соң ол балаларын алып, анасына кетіп қалған. Аайда ата-енесі оған тыныштық бермей, қорқытып, қайтып оралуын талап етіп жатыр екен.

5 шілде күні ол кезекті жанжалдан кейін ажырасуға арыз берген, дегенмен судья шешімді қарастыруға бір ай уақыт қажет екенін айтқан.

28 шілде күні жұбайы алматылық келіншекті алып қашып, өлтіруге әрекет жасаған. Ксенияның айтуынша, алдымен бір қыз оған қоңырау шалып, вокалдан дәріс беруін сұраған. Ойында ештеңе жоқ ол  айтылған жерге барады. "Оқушы" келіншекті кіреберісте қарсы алып, 3-қабатқа апарған.

"Осы уақытта оған екі жақтан шабуылдап, баснына үлкен қап кигізген. Бойжеткен бұл кезде қашуға әрекет жасаған. Ксенияны екі ер адам жертөлеге апарар жолда ұрып-соққан", - делінген хабарламада.

Келіншек күйеуі мен досын дауыстарынан танып қойған. Жертөледе оның басынан қапты алып, өзін жерге лақтырған. Есеңгіреген әйел адам айқайға басқан.

"Ол оның дыбысын шығармау үшін бар жұдырығын аузына салып, тамағын қанатып жіберген (…). Сосын оны ұрған. Келіншек өз өмірі үшін алаңдап, үйде балалар бар екенін айта отырып, оның барлық тілегін орындауға уәде берген", - деп айтылды ұйым жазбасында.

Ксенияның айтуынша, күйеуі досымен бірге оның денесінен қалай құтылатынын талқылап жатқанын естіген. Сосын күйеуіне жалынуға көшкен. Сол кезде жұбайы одан үйге қайтып оралуға және өзімен бірге тұруға уәде алған. Ксения келіскен.

Ал кіреберісте келіншек орындыққа жармасып, жанұшыра көмек сұрай бастаған. Оған өтіп бара жатқан адамдар көмекке келген.

Қазір қатты қорқып қалған жас ана іс қайтадан тұрмыстық жанжал деп қарастырылуы мүмкін екенін ойлап, уайымдауда. Келіншек кез келген уақытта ұрланып, күйеуінің қолынан ажал құшудан қорқады.

Ұйым келіншектің атынан прокуратураға, ІІМ-ге, Алматы ІІД-ге жүгінген.

Новости партнеров