Нұр-Сұлтанда әйел коронавирус жұқтырдым деп күдіктеніп, емханаға келді

Sputnik / Абзал Калиев.
Sputnik / Абзал Калиев.
Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Ел билігі Қытаймен әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда әйел бойынан коронавирус инфекциясының белгілерін байқағанын айтып, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарлайды Sputnik.

«Әйел Қытайда болмаған және Қытай азаматтарымен қарым-қатынас жасамаған. Ол коронавирус инфекциясы төңірегіндегі дүрбелеңге салынып емханаға келген», - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлер оған жедел респираторлы вирустық инфекция деген диагноз қойды (ӨРВИ).

Бұған дейін әлеуметтік желілерде коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген әйел бірінші емханаға барғаны туралы расталмаған ақпарат тараған болатын.

Өткен сәрсенбіде қаңтар айында Қытайдан оралған Астана медицина университетінің студенті қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында тексерістен өтті. Науқасқа «асқынған өкпе қабынуы» диагнозы қойылды, коронавирустық инфекция табылған жоқ.

6 ақпандағы мәлімет бойынша Қытайдан келген 110 адам Қазақстанның медициналық мекемелеріне жатқызылды. Оның 30-ы стационарда қалды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол 2019-nCoV коронавирусы.

Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.

Соңғы деректер бойынша, коронавирусты 28 мыңнан астам адам жұқтырған, 563-і көз жұмды.

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Ел билігі Қытаймен әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты.

Қазақстан Уханьнан 83 азаматын шығарды, олардың 80-і студент. Билік сондай-ақ Уханьнан 24 шетелдікті эвакуациялады – он сегізі Қырғызстан, бесеуі Беларусь және біреуі Армения азаматы. Қырғыздар арнайы бортпен Бішкекке жөнелтілді.

Новости партнеров