Абырой болғанда, оқиға орнына жеткен полицейлер азаматты құтқарып қалды. Суицид жасамаққа ниеттенген ол туысқандарымен жанжалдасып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінде тәртіп сақшыларының ер азаматты қалай құтқарғаны туралы жетонға түсірілген видео тарады. Онда полицейлер жедел әрекет етіп, шатырға шыққаны көрініп тұр. Ал, бейнежазбадан ер адамның «мен ештеңе ұрлаған жоқпын, аяқ-қолым үсіп қалды» деген сөздерін естуге болады. Алдын ала болжам бойынша, ол мас болған. Дәрігерлердің айтуынша, оның башпайлары мен саусақтарын 1 дәрежелі үсік шалған.
«Оқиға орнына жеткен соң тұрғындардан шатырға қалай шығуға болатынын сұрадық. Одан кейін кілтті алып жоғарыға көтерілдік. Менің қасымдағы әріптесім ер азаматты сөзге тартып, әңгімелесті. Секірудің қажеті жоқтығын айтты. Сөйтіп ақырын жақындап келіп азаматты ұстады. Осылайша еркекті қауіпсіз жерге шығардық. Бірден жедел желі шақырдық», – деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полициясының полицейі Дамир ОРАЗОВ.