|
10.06.2019 | 10:28
4947

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі анықталды

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7 пайызға өсіп, 28 300 теңгеге жеткен

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі анықталды Zakon.kz

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 500 теңгеге жетті, деп хабарлайды Finprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 2019 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7 пайызға өсіп, 28 300 теңгеге жеткен. Олардың 15 600 теңгесі азық-түлік тауарларына жұмсалса, 12 700 теңгесі ақылы қызмет түрлеріне жұмсалған.

«Былтыр мамыр айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 500 теңге болды. Айта кететін жайт, биыл азық-түлік пен қызмет түрлері 5,3 пайыза қымбаттады», – дейді мамандар.

«Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 500 теңге, Нұр-Сұлтан мен Алматыда – 33 100 теңге және 31 300 теңге болса, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында 28 300 теңге және 28 800 теңге мөлшерінде тіркелді. Ал Павлодарда 25 100 теңге, Батыс Қазақстан облысында ең төмен күнкөріс деңгейі 25 600 теңге болса, Ақтөбе облысында 25 800 теңге», –  дейді Finprom.kz сарапшылары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир